26 қазанда «Астана Опера» театрының Камералық залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Дина Хамзина (меццо-сопрано) мен Талғат Мұсабаевтың (баритон) қатысуымен «Элегиялық көңіл-күй» атты камералық музыка кеші өтеді, деп хабарлайжы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Bel Canto музыкалық салоны» аясында өтетін концертке Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мақпал Бекмағамбетова (скрипка), халықаралық байқаулардың жеңімпазы Асқар Мұқанов (виолончель) қатысады. Фортепиано партиясында — халықаралық байқаулардың жеңімпазы Салтанат Ақбасова мен Раушан Бескемпірова. Қазақстандық опера жұлдыздарының орындауында П. Чайковскийдің — «Отчего», «Благословляю вас, леса», «Средь шумного бала», «Хотел бы в единое слово» және Н. Римский-Корсаковтың — «На холмах Грузий», «Редеет облаков летучая гряда», «Пленившись розой соловей», «О чем в тиши ночей» сынды тыңдарманның сүйікті романстары орындалады. Сондай-ақ, көрермен назарына П. Чайковскийдің «Pezzo capriccioso», «Размышление», «Мелодия», «Скерцо», С. Рахманиновтың «Элегическое трио», Г. Форенің «Элегиясы» сынды камералық-аспаптық шығармалар да ұсынылады.
Элегия — көне заманнан келе жатқан поэзиялық-лирикалық музыка жанры. Бұл адамның ішкі көңіл-күйінен терең сыр шертіп, жан дүниесіндегі мұңын жеткізетін сезімге толы, романтикалық шығарма.