Домой Жаңалықтар Мәдениет ТомиАсар шимайлары (Тамара Асардың тұшымды ойлары)

ТомиАсар шимайлары (Тамара Асардың тұшымды ойлары)

ТомиАсар шимайлары (Тамара Асардың тұшымды ойлары)
8ea139abce18fb0f396a63e3bb44ce21
ТомиАсар шимайлары (Тамара Асардың тұшымды ойлары)

Қараңғыда отырып жазған сөзің үшін жарыққа шығып жауап беретін кез келеді.

***
Бізді халық «жұлдыз» деп атайды. Аспан болмаса, жұлдыз қайда барып жарқырайды екен? Ал менің аспаным—Халық.

***
Егер жеңілсем, өзіммен бірге маған жанашыр ең жақын адамдарымды тұңғиыққа алып кететіндей болдым. Өзімді кәдімгі бір команданың капитаны сезіндім. Капитан жеңілсе не болады? Күллі команда құламай ма?! Сондықтан мен ерлікті қолдан жасадым!

***
«Байтал шауып бәйге алмайды» деген қағидаға көбірек жүгінемін. Мен үшін әйел—ең алдымен, отбасының қазығы. Біз істейтін, біз тындыратын шаруа онсыз да шаш-етектен. Сондықтан біз ер-азаматтармен жағаласпай, керісінше, оларға жағдай жасап, баптап, күтіп, «жақсысын асырып, жаманын жасырып» отырсақ, соның өзі бізді біраз биікке шығарады.
***
Әкеміз ас қайыратын кезде «Абырой бер, аман сақта» деп бет сипайтын. Абыройсыз аман жүрудің қажеті жоқ деп ойлаймын.
***
Менің бас иетін стилисттерім көп. Әйтседе, бір арманым, бір тілегім—сол стилисттер жердегі, аяқтың астында жатқан оюды бетке жабыстырмаса екен. Себебі, текеметтегі ою кеудеге шыққан заман болды. Сол екі араны ажырата алса екен деймін, біздің қазақ тариxына үңілсе, қыз не киді, келіншек не киді, кемпір не киді-соны айыра алса деп ойлаймын. Әрбір келіншек, біріншіден, қай жерде тұрғанын білу керек, екіншіден, кімнің әйелі екенін білу керек, үшіншіден, неше баланың анасы екенін білуі тиіс. Отырған орның мен сөйлейтін сөзіңді білсең, міне әдемі келіншек образы осы!
***
Түсірілім кезінде «шөлдеу», «ашығу», «шаршау» басым болады. Бірақ әрбір кәсіби маман экранда «тойған қозыдай томпиып, көңілді тұруы»—негізгі міндеті.
***
Сілтінің мықтылығы өзінің шишасына сыйғандығында, сондықтан шишаға сыйып тұрсаң ешнәрсені бүлдірмейсің. Ал одан шықсаң, жан-жағыңды құртасың. Сол үшін де шишада қалғанды дұрыс көрген шығармын.
***
Әрбір ән өмірге келерде өз себепшілері мен жасаушыларының қолынан өтеді, ал бірақ сәттілігі мен тәттілігі—Құдайдан.
***
Ең сұлу әйел—талғамы жоғары әйел! Ол жоқтан бар жасайды, ұшып бара жатқан тозаңды сүзіп алып, одан гүл өсіреді, әйелдің қолынан барлық нәрсе келеді.
***
«Алла сүйген құлын сынайды». Мен үшін өмір сүрудің өзі— бақыт. Өмірді «несиеге» алған адаммын. Сондықтан оның қадірін жақсы білемін…

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here