Домой Қоғам Алматы «Өз құқығың мен міндеттеріңді біліп жүр!»

«Өз құқығың мен міндеттеріңді біліп жүр!»

«Өз құқығың мен міндеттеріңді біліп жүр!»

3b045fe1a76b2ee03b0b461706ae0296«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру, кәсіпкерлер мен тұтынушыларды тиісті ақпараттандыру мақсатында Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен Талдықорған қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы бірлесіп «Өз құқығың мен міндеттеріңді біліп жүр!!!» ұранымен акция өткізді.

Іс-шараға «Мерейлі шуақ» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері және Талдықорған қаласының Заң колледжінің түлектері белсене қатысты.

11 кәсіпкер мен 20 сатушыға тауарды сатылымға шығарушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпаратты ұсыну міндеттері түсіндірілді, сонымен қатар тұтынушыларға бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану мәселелері бойынша құқықтарын қорғау мүмкіндіктері, қауіпсіз тамақтану, тағам өндірісінде антибиотик қолдану, биологиялық белсенді қоспалар туралы ақпараттар берілді.

Акция кезінде Департамент және аумақтық басқармалардың базасында құрылған консультациялық орталықтардың байланыс телефондары көрсетілген тұтынушылардың құқықтарын қорғау тақырыбында арнайы даярланған 500 дана ақпараттық парақшалар мен жадынамалар таратылды. 52 тұтынушыға кеңес берілді. Тұтынушылар арасында тұтынушылық білім негіздері бойынша блиц-сауалнама жүргізіліп, тұтынушылық құқықтарын білген тұтынушыға «Біздің сарапшымыз», «Сіздің сарапшыңыз» атты журналдар ұсынылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here