Домой Қоғам ОҚО ОҚО-да жедел медициналық көмек қызметі дамымақ

ОҚО-да жедел медициналық көмек қызметі дамымақ

ОҚО-да жедел медициналық көмек қызметі дамымақ

60000_3Кеше Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев «Hemogens Health Care» түрік компаниясының Бас директоры Наджие Арпаджи ханыммен  кездесті.

Кездесуде «Hemogens Health Care» компаниясы мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі арасында өңірде жедел медициналық көмек қызметін жетілдіру бойынша мемарандумға қол қойылды.
Түркияда және БАӘ осыған ұқсас жобаларды ендіруде үлкен тәжірибесі бар туркиялық кәсіпкер Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жедел медициналық көмектің үлгілік кіші станцияларын салу, бірегей құралдармен және көлікпен жабдықтау, медицина мамандарын оқыту, бірыңғай ақпараттық-талдамалық диспетчерлік орталық құру сынды жобаларды жүзеге асырмақ.
Жоба аясында өңірдің денсаулық сақтау саласына 3,5 млрд. теңге инвестиция салынып, келер жылы оның 1,8 млрд. теңгесі жедел медициналық көмектің орталық станциясының кіші станцияларын салуға және жабдықтау мен санитарлық автокөліктің 25 бірлігін сатып алуға жұмсалатын болады.
Сондай-ақ, жедел медициналық көмек көрсету бойынша жаңа е-форматта бірыңғай қалалық ақпараттық-талдамалық диспетчерлік орталық құру, медицина қызметкерлерін оқыту, медициналық туризмді дамыту бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Бұл жоба Оңтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласын және медициналық туризмді дамытуға септігін тігізеді. Меморандум біздің өңірдің түрік инвестициялық институттарымен ынтымақтастығын жаңа сапалы деңгейге көтереді.
Қазіргі уақытта, Түркия санитарлық авиация мен жедел медициналық көмек қызметі тұрғысынан әлемдегі ең дамыған ел болып табылады. Түркия қалаларында 94% жағдайда шұғыл көмек 10 минут ішінде, ал ауылдық жерлерде 96% жағдайда шұғыл көмек 30 минут ішінде көрсетіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here