Талдықорғандық педагог Татьяна Луценко Мәскеуде өткен «Тәрбиелеу өнері» авторлық әдістемелік еңбектердің халықаралық байқауынан жүлделі оралды.
Мектепке дейінгі білім қазақстандық бірлестігі мен «Асыл бала» республикалық бірлестігі «Мәскеу қалалық педагогикалық университеті» ЖБ МАБМ білім берудегі педагогика және психология институтымен бірлесіп, «НаШа Буся» білім беру қауымдастығының ақпараттық және техникалық қолдауымен биылғы жылдың сәуір айынан қазан айына дейін мектепке дейінгі педагогика саласында «Тәрбиелеу өнері» авторлық әдістемелік еңбектердің халықаралық байқауын өткізді.
Байқауға Мәскеуден, Мәскеу облысынан, Санкт-Петербургтан, Саха Республикасынан (Якутия), Беларусь, Қазақстан мемлекеттерінен 230-ға жуық педагог қатысты.
Қазақстанның әр өңірінен байқауға 30 авторлық әдістемелік жұмыс жіберілді. Байқаудың соңғы турына қазақстандық 10 автордың жұмысы өтті.
Байқаудың мәресі жуырда Мәскеу қаласында VI Бүкілресейлік ғылыми фестиваль мен XI ғылым фестивалі аясында ұйымдастырылды.
Қазылар алқасының құрамында Қазақстаннан Мектепке дейінгі мекемелердің қазақстандық бірлестігінің төрайымы Л. Куленова болды.
Сарапшылар комиссиясы мен байқау төрешілерінің шешімі бойынша Талдықорғаннан қатысқан Татьяна Луценконың авторлық жұмысы Халықаралық байқаудың үздік жұмысы деп танылып, жеңімпаз атанды. Жұмыстың атауы «3-6 жас аралығындағы балаларды өз бетінше білім алу жүйесінде интеллектуалдық тұрғыда дамыту үшін өз қолдарымен әзірлеген Монтессори-материалдар аналогын пайдаланудың дәстүрлі емес әдісі» деп аталды.
Іріктеуден өткен қатысушылардың барлығы да «Конкурс финалисі» Дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, байқау нәтижесі бойынша шығарылатын ғылыми-әдістемелік жинаққа материалдарын жариялауға мүмкіндік алды
Конкурс аяқталғаннан кейін Мектепке дейінгі ұйым қазақстандық бірлестігі «Мәскеу қалалық педагогикалық университеті» ЖБ МАБМ білім берудегі педагогика және психология институтымен мектепке дейінгі педагогика саласында түрлі шаралар өткізу қарастырылған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.