Бүгін өңір басшысы Жансейіт Түймебаев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті Кеңес төрағасы Муса Йылдызбен кездесті. Басқосуға аталған оқу орнының Президенті Уәлихан Әбдібеков пен университеттің бірінші Вице президенті Мехмет Куталмыш та қатысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Кездесуде тараптар бауырлас елдердің ынтымақтастығы туралы әңгіме өрбітіп, бұл жұмыстарды одан әрі дамыту жайын сөз етті.
Қос мемлекеттің білім, ғылым, медицина, кәсіпкерлік сынды көптеген салаларда бірлескен жобалар жасауы қажеттігіне тоқталған мәртебелі меймандарға, өз кезегінде, аймақ басшысы алғысын білдіріп, қонақжай Оңтүстік өңірі туыстық қатынасқа қашанда дайын екенін жеткізді.