Домой Қоғам Астана Астана әкімдігінде «ЕХРО-2017» көрмесі өтетін кезеңдегі қоғамдық қауіпсіздік талқыланды

Астана әкімдігінде «ЕХРО-2017» көрмесі өтетін кезеңдегі қоғамдық қауіпсіздік талқыланды

Астана әкімдігінде «ЕХРО-2017» көрмесі өтетін кезеңдегі қоғамдық қауіпсіздік талқыланды

c-2Астанада «EXPO-2017» көрмесі өтетін кезеңде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 7,5 мың адамды, соның ішінде ішкі істер органдарының 5 мыңнан аса қызметкерін, Қорғаныс министрлігінің және басқа да мүдделі органдардың 1,5 мың  әскери қызметкерін, сондай-ақ, жеке меншік ұйымдардың 600-ден аса қызметкерін тарту жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін сарапшы жұмыс тобының отырысында Астана әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкімнің төрағалығымен өткен кеңестің жұмысына ҚР бас прокуроры Жақып Асанов, ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, «EXPO» ұлттық компаниясының басшылығы, сарапшы топтың мүшелері, «Аstana Innovations» және «Аstana LRT» компанияларының өкілдері қатысты.

Әсет Исекешев дер кезінде әрекет ету, тартылған күштер мен құралдарды басқару және үйлестіру үшін Астанада өкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерінен, соның ішінде бейнебақылау операторларынан Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы құрылатынын ерекше атап көрсетті.

«Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы Конвенш Бюромен бірлесіп 1500 еріктіні іріктеп алып, оларды «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ» оқытуда. Қазіргі уақытта құқық қорғау және арнайы органдардың бұрынғы қызметкерлерін, өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды, әскерилерді және т.б. қауіпсіздік бойынша волонтерлар ретінде тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Қажет болған жағдайда біз қосымша волонтерларды тартып, қолдау көрсетуге дайынбыз»,- деді Әсет Исекешев.

Еске салсақ, 2016 жылдың 14 шілдесінде Астанада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, онда «ЕХРО-2017» көрмесіне дайындық және оны өткізу барысында ведомствоаралық өзара әрекеттестік мәселелері талқыланып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені қабылданды.

Бүгінгі күні сарапшы топ көрменің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар нормативтік актілердің жобаларын және оларға түзетулер дайындады, «ЕХРО-2017» «Қауіпсіздік бойынша сіздің гид» мобильдік қосымшасы бойынша техникалық тапсырма әзірленді. Антитеррорлық оқу-жаттығулар өткізіліп қаланың өртке қарсы қауіпсіздік және жедел қызметтерінің дайындық жағдайы тексерілді.

Сондай-ақ, халықаралық сарапшылардың консультативтік көмегі туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Сондай-ақ, әкім универсиадалар өткізіліп, қауіпсіздік мәселелері бойынша нақты алгоритм әзірленген Қазан және Сочи қалаларының тәжірибесін зерттеуді ұсынды. Жалпы алғанда, халықаралық көрмені өткізуге 150 күн кетеді, соның ішінде, 93 күн шараны өткізуге, ал қалғандары шетелдік азаматтардың келуі, логистика және дайындық жұмыстарына жұмсалады. Сондықтан тәжірибе және ақпарат алмасу үшін сарапшы топты Қазан және Сочиге аттандыру қажет, деп атап көрсетті Әсет Исекешев.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here