Олар еліміздің шығыс аймағында әскери борышын өтейді. Жетісу жерінен жыл сайын әскер қатарына 3,5 мыңдай жас аттанады. Биылғы күзгі шақырылымда олардың қатары 1,5 мыңға жуық болмақ.
Отан алдындағы азаматтық парызын өтеуге шақырылған кезекті топтың қатарында Дархан Ахай да бар. Ол дені сау әрбір азамат әскерге барып, Отан алдындағы борышын өтеуі керек. Әскери өмір адамды шыңдайды, төзімділікке үйретеді деп санайды.