Алматы облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі.
Кеген-Нарынкол автомобиль жолының 40 шақырымдық бөлігінде сыртқы-бұдыр бетін өңдеу бойынша орташа жөндеу жұмыстары 1 ай бұрын алдын-ала аяқталуда.
Кеген-Нарынкұл автомобиль жолы Райымбек ауданында Қытаймен шекаралас орналасқан. Осы бөліктегі жөндеу жұмыстары бұл аймақтың дамуына, сондай-ақ, ішкі туризді дамытуға ықпал етеді. Соңғы рет жолда орташа жөндеу жұмыстары 2007 жылы жүргізілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Алматы облысында Алматы — Көкпек — Көктал — Қорғас бағытындағы және жалпы ұзындығы 30 шықырымға созылған «Алма-Тау туристік базасына кіреберіс» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта облыста жалпы ұзындығы 35 шақырымға созылған Көлсай көліне апаратын Жалаңаш-Саты автомобиль жолының кіреберіс бөлігінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Осы бөліктегі жөндеу жұмыстарын 2018 жылы аяқтау жоспарланып отыр.