Домой Қоғам Астана Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дариға Шәкімова елорда мектептерінде ашық дене шынықтыру сабақтарын өткізді

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дариға Шәкімова елорда мектептерінде ашық дене шынықтыру сабақтарын өткізді

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дариға Шәкімова елорда мектептерінде ашық дене шынықтыру сабақтарын өткізді

2Рио-де-Жанейро-2016 Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дариға Шәкімова елорданың №37 және №27 мектептерінде «Астана» Президенттік клубының спорт менеджері, Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченконың қатысуымен ашық сабақтар өткізді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Физкульт-Ура» жобасы балалар мен жасөспірімдерді тек спортта ғана емес, арманға ұмтылуға, табысқа жетуге ынталандырады. Олимпиада чемпиондары — Қазақстандағы миллиондаған балаға үлгі болатын адамдар. Әркімнің мақсатқа жетер жолы қиын, бірақ ең бастысы — тоқтамай, сол мақсатқа ұмтыла білу», — деді Дариға Шакимова.

Сабақтан кейін № 37 мектептің дәріс залында оқушылармен кездесу ұйымдастырылды, оның барысында балалар спортшыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Юрий Мельниченко жастардың биік жетістіктерге жету үшін мүмкіндіктері бар екенін, бірақ бұл үшін денің сау болып, дене шынықтырумен айналысу қажеттігін атап көрсетті.

«Физкульт-Ура» — Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қамқорлығымен өткізілетін, балаларды және жасөспірімді дене шынықтыру және спортпен айналысуға шақыратын жоба.

Әлеуметтік жоба Астана, Алматы, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында өтті. Оған Дмитрий Баландин, Гюзель Манюрова, Серік Сапиев, Ольга Шишигина, Валерий Тихоненко, Ермахан Ибраимов, Жақсылық Үшкемпіров, Юрий Мельниченко, Данияр Елеусінов, Эльмира Сыздықова сияқты әйгілі спортшылар қатысты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here