Кентау қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу іс-шаралар жоспарына сәйкес 1 сынып оқушыларының тал егу шарасы өткізілді, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Іс-шараға қала зиялылары, ұстаздар мен 1 сынып оқушылары қатысты.
Биылғы оқу жылында қаладағы 23 мектепке 1 сыныпқа 2019 окушы барса, осыған сәйкес, акция аясында, тиісінше, 2019 түп ағаш отырғызылды.
Ондағы мақсат — жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және табиғатты аялауға баулу. Сол себепті, бірінші сыныптың оқушылары мектепті бітіргенше өздері еккен талдарға қарайтын болады.
Осындай тақырыпта Кентау қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу іс-шаралар жоспарына сәйкес 1 сынып оқушыларының тал егу шарасы өткізілді.