Домой Қоғам Астана Елордада Астана мен Олимпиакос арасындағы футбол матчына байланысты жолдар жабылады

Елордада Астана мен Олимпиакос арасындағы футбол матчына байланысты жолдар жабылады

Елордада Астана мен Олимпиакос арасындағы футбол матчына байланысты жолдар жабылады

c2016 жылы 3 қарашада сағат 22.00-де «Астана Арена» алаңында Астана (Қазақстан) мен Олимпиакос (Греция) арасындағы халықаралық футбол матчы өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Осыған орай 3 қараша сағат 20.00-де Қабанбай батыр және Тұран даңғылының Керей Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін жол қозғалысы тоқтатылады. Тыйым салу іс-шара аяқталғанға дейін созылады. Орынбор көшесімен жолды айналып өту ұсынылады.

Футбол матчы жанкүйерлерін жинау және жеткізу арнайы рейстермен бес пункттен келесі мекен-жай бойынша жүргізіледі:

1) «Қазақстан» СК көлік тұрағынан (Қажымұқан көшесі);

2) «Әзірет Сұлтан» мешітінен (Қошқарбаев даңғылы);

3) «Нұр Астана» мешітінен (шығыс жағындағы көлік тұрағы );

4) Астаналық цирктің көлік тұрағынан (Қорғалжын тасжолы);

5) Мұңайтпасов атындағы алаң көлік тұрағынан (Кенесары көшесі).

Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметі жүргізушілерден жолда мұқият болуын және жұртшылықтың пайдасына жеке жол көліктерінен бас тартуды сұрайды. Астана қ. Халықаралық әуежайына жол жүруді жоспарлаған азаматтарға және жақын аудандардағы тұрғындарға алдын-ала баламалы жол қозғалысын жоспарлауды ұсынамыз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here