Астанада пилоттық жоба аясында көктайғаққа қарсы жаңа буын реагенті қолданылуда, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Астана Тазалық» ЖШС өкілдерінің ақпаратына сәйкес, «Айсмелт» хлорлы кальций негізінде өндірілетін көпқұрамды материал. Оның басты артықшылықтарының бірі реагенттердің ішінде ең көп шығындалатындығында, бұған қоса, ол көшені ластамайды, және тайғанауға жол бермейді, қар немесе мұз қабатына тез және терең сіңеді және жинағаннан кейін із қалдырмайды.
Дұрыс қолданған жағдайда реагент көктайғақтың түзілуіне жол бермейді, көктайғаққа қарсы екі құрамдасты (хлорлы кальций және хлорлы натрий) үйлестіру есебінен ұзақ уақыт еруді қамтамасыз етеді.
Үстіміздегі жылы пилоттық жобаның шеңберінде 1141 тонна реагент пайдаланылады. Ауа райы жағдайларына байланысты жыл сайын орта есеппен 30-дан 35 мың текше метрге дейін құм-тұз қоспасы пайдаланылады.