Домой Жаңалықтар Мәдениет ХІІ Ұлттық Дельфий ойындарының ашылу салтанаты өтті

ХІІ Ұлттық Дельфий ойындарының ашылу салтанаты өтті

ХІІ Ұлттық Дельфий ойындарының ашылу салтанаты өтті

Степногорск қаласының «Горняк» мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ХІІ Ұлттық Дельфий ойындарының ашылу салтанаты өтті. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Тұңғыш президент қорының қолдауымен өткен іс-шара еліміздің 15 өңірінен 500-ден аса қатысушыларды қарсы алды.  

4_lp3i0hig8

­­­

Еліміздің қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалары қатысуымен өткен мерекеде Ринат Малцагов,  Алмас Кішкенбаев сынды эстрада жұлдыздары, Ресейде өткен Х халықаралық Дельфий ойындарының алтын медаль иегері Бауыржан Нұрмұханов пен «Самғау» дуэті өнер көрсетіп, үміткерлерге сәттілік тіледі.

pnkpl6x414

— Бүгін де Дельфий ойындарына әлемнің 90 мемлекет өкілдері қатысады. Солардың ішінде Қазақстан  құрамасы үздік бестікке кіреді. Бүгін тарихи күн. Себебі, Қазақстан жаңа мәдени бағыт ­ ­–Парадельфий ойынын енгізбек. Бұл Дельфий ойындарының тарихында қалатыны сөзсіз.  Дүбірлі додада өнер көрсететін қатысушыларға сәттілік тілеймін. Үздіктің үздігі анықталсын деп тілейміз,  – деді  құттықтау сөзінде Халықаралық Дельфий комитетінің директоры, Ресейдегі Ұлттық Дельфий ойындарының төрағасы Владимир Понявин.

hmraqzegmvm

Кеш соңында Степногорск қаласының әкімі Ануар Көмпекеев ХІІ Ұлттық Дельфий ойындарын ашық деп жариялап,  көрермендерді Дельфий Алауын жағуға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстан ТМД мемлекеттері ішінде алғашқы болып «ПАРАДЕЛЬФИЙЛІК» идеяны ұсынып, жүзеге асырмақшы. Парадельфийлік ойындарында қатысушылар «Хореография», «Ым-ишарат тілінде ән айту» аталымдары бойынша өнер көрсетеді. Ұлттық Дельфий комитетінің бастамасымен мүмкіндігі шектеулі жандар Ұлттық жобада таланттарын шыңдауға зор мүмкіндік алды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here