Домой Қоғам ОҚО ОҚО-да ЕАЭО нарығындағы бәсекелестікті реттеу жайы қаралды

ОҚО-да ЕАЭО нарығындағы бәсекелестікті реттеу жайы қаралды

ОҚО-да ЕАЭО нарығындағы бәсекелестікті реттеу жайы қаралды
600000000077777Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Нұрлан Алдабергеновтың қатысуымен мәжіліс өтті. Жиынға төрағалық еткен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл қазақстандық кәсіпкерлерге үлкен нарыққа жол ашқанын жеткізді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
«Одаққа мүше болғанға дейін облысымыздың Ресеймен сыртқы сауда айналым көлемі 2010 жылы 225,3 млн. АҚШ долларын құраса, өткен жылы бұл көрсеткіш 3,4 есеге артып 756,6 млн. АҚШ долларына дейін жеткен. Оның ішінде, экспорт 5,8 есеге өссе, импорт 2,2 есеге көбейген»,-деді облыс әкімі.
Өз кезегінде, сөз алған министр Н.Алдабергенов өзі жетекшілік ететін комиссиядағы Еуразиялық экономикалық одақ аясында бәсекелестікті реттеу мәселелері туралы баяндама жасады.
Жиын барысында, облыстағы тарифтердің қалыптасуы бойынша аймақ басшысының орынбасары Жақып Бөкенбаев баяндама жасады. Онда ол Оңтүстік Қазақстан облысында электр энергиясы тапшы екенін айтып, жетіспейтін бөлігі республиканың өзге аймақтарынан тасымалданатынын жеткізді.
Сондай-ақ, Ж.Бөкенбаев Оңтүстік Қазақстан облысында тұтынылатын жылдық 1 млрд. м3 табиғи газдың 65 пайызын өндірістік мекемелер мен шағын орта бизнес өкілдері пайдаланатынын атап өтті.
Яғни тариф бағасы, шығарылатын тауарлардың өзіндік құнының өсуіне алып келетіні рас. Ал ауыз су және жылу қызметтерінің тарифтері өндірілетін өнімнің өзіндік құнына, оның тауар айналымындағы бағасының жоғары болуына айтарлықтай әсерін тигізбейді екен.
Оңтүстік Қазақстанда табиғи газ бен электр энергиясының тарифтерін қайта қарау қажеттігін айтқан Нұрлан Алдабергенов Еуразиялық экономикалық одақ нарығына шығарылатын бәсекеге қабілетті өнімдердің қатарын көбейту қажеттігіне назар аударды.
Мәжілісте жоғарыда аталған мәселелерге қатысты табиғи газ бен электр энергиясы тарифін мүмкіндігінше төмендетіп, еліміздегі аймақтар арасындағы бағалық айырмашылықты азайту мақсатында бірыңғай бағаны әзірлеп бекітуді  және шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында коммуналдық тарифтерді субсидиялауды енгізу ұсынылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here