Осыдан екі апта бұрын Шымкент қаласы әкімдігінің жанында ашылған мемлекеттік қызмет көрсету орталығының мамандары мыңыншы қала тұрғынына қызмет көрсетті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Бүгін, «Front office»-ке келген қала тұрғыны Тамара Ратушина жер актісінде жазылған өзінің тегін ауыстурға қажетті құжаттарын рәсімдеуден соң, «Front office» ұжымы атынан арнайы сыйлыққа ие болды.
«Қарапайым қала тұрғыны ретінде қажетті құжаттарды ресімдеуге 5 минут ғана жұмсадым. Өте ыңғайлы, қоңырау шалу, қажетті құжат жинаудың барлығы интернет ресурстары арқылы жүзеге асуда. Қала тұрғындарын осы қызмет түрін пайдалануға шақырамын», — деді Тамара Ратушина.
Қазіргі таңда аталған орталықта жер қатынастар, сәулет, кәсіпкерлік, тұрғын-үй шаруашылығы, әкімдіктің барлық бөлімдерінен ұзын саны 25 маман қызмет етуде. 400-ден астам қызмет түрі көрсетіледі.