Домой Қоғам Алматы Талдықорғанда республикалық форум өтті

Талдықорғанда республикалық форум өтті

Талдықорғанда республикалық форум өтті

20161104165231Талдықорғанда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов пен Мәжіліс депутаттары қатысты.

105 этнос өкілі, 70 этномәдени бірлестігі бар өңір ел бірлігін еселеуде, халықтар достығын нығайтуда сүбелі үлес қосып келеді. Осыны ерекше атап өткен мемлекеттік хатшы облыс жастарының «Менің елім — Мәңгілік ел» атты акциясын бастап берді. Бұл басқосу «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын қолдауға бағытталып отыр.

Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіхалықова Алматы облысындағы жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Талдықорғанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде салынған балабақша жұмысымен танысып, Көксу аудандық орталық ауруханасында болды. Сапар соңында мемлекеттік хатшы облыстың әйелдер қауымымен кездесті. Жиында отбасылық құндылықтарды нығайту, саясатта және экономикада нәзік жандылардың белсенділігін арттыру мәселелері қаралды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here