Астана қаласының әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Тарих пен тіл тамырлас» атты жас ақындар мүшәйрасын өткізеді.
Мүшәйраның ережесі алдын-ала жолданып, газеттер мен әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Жалпы. 50-ден астам үміткерден сұраныстар мен өлеңдер түсті. Қазылар алқасының іріктеуінен 10 ақын қорытынды кезеңге жолдама алды. Мүшәйраға Астана, Алматы, Семей, Қарағанды, Тараз, Павлодар, Өскемен және т.б. қалалардан жас ақындар қатысты. Жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары Астана қаласының әкімі Ә.Жақсыбековтің атынан дипломдармен және арнайы бағалы сыйлықтамен марапатталады. Үздік деп танылған осы 10 ақынның шығармалары арнайы жинақ кітабына енгізіледі.
Жыр додасына «Қазақстан» РТРК төрағасының шығармашылық жөніндегі орынбасары Қайнар Олжай, ақын Жанат Аймұхамбетова, Дәулеткерей Кәпұлы, Алмас Темірбай және жас ақын Ажар Ерболған төрелік етеді. Жыр кешін танымал ақын Қалқаман Сарин жүргізеді. Мүшәйра барысында марапаттау салтанатымен қатар, белгілі әншілер Клара Төленбаева, Ибрагим Ескендір т.б. өнер көрсетеді. Сонымен қатар, шара басында бірқатар ел зиялылары Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталады.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тағылымды іс-шара ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, қала басшылығы, белгілі ақын-жазушылар, жас ақындар, белсенді жастар мен студенттер және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтеді.
Іс-шара 2015 жылдың 22 қыркүйегінде сағат 18.00-де «Тілеп» қобыз сарайында өтеді.