Домой Қоғам Алматы Алматы облысы ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша үздік үштік қатарында

Алматы облысы ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша үздік үштік қатарында

Алматы облысы ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша үздік үштік қатарында

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-1Алматы облысында қазіргі таңда 1380-нен астам дене шынықтыру ұжымдарында ұлттық спортпен айналысушылар саны 47 мың адамға жуықтайды. Оның ішінде қазақ күресіне, тоғызқұмалақ пен және ұлттық ат спортына ынтызар жан қатары көп. Ұлттық спорт түрлерімен барлығы 562 жаттықтырушы (486 ауылда) оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Жалпы, облыста ұлттық спорт түрлерін дамытуға бюджеттен 69,9 млн. теңге бөлінген болатын. Бүгінгі таңда Алматы облысы ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша республика деңгейінде үздік үштік қатарында.

Осы тұрғыда тағы бір мақтанып айтуға тұрарлық жаңалық, облыста 2011 жылы ұлттық спорт түрлерінен клуб ашылды. Онда көкпар, аударыспақ, теңге ілу түрлерінен 50-ге жуық спортшы айналысады. Сондай-ақ, облыста заман талабына сай «Талдықорған», “Көкбастау”, “Нұрдәулет”, «Азем» сынды 4 ипподром жұмыс істейді. Ұлттық спорт түрлерінен биылғы жетістіктер де аз емес. Мәселен, көкпардан Қазақстан Республикасының Чемпионатында — 3-орын; қазақ күресінен 4-ші республикалық ардагерлер спартакиадасында — 2 орын; Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған республикалық спартакиадада, тоғызқұмалақтан республикалық 4-ші Жазғы ардагерлер спартакиадасында, құсбегіліктен Үржарда (ШҚО) өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында, жекпе-жектен Талдықорғанда өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында жастар және  ересектер арасында тек 1-ші орындарға қол жеткізілген.

Бұл жөнінде Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы Алмат Үшкемпіров айтты.

Сондай-ақ, брифингтің ең жас спикері — биылғы «Алтын тұлпар» атты 3-ші республикалық турнирде Жаннұр атты сәйгүлігімен бірге 51 шақырымдық қашықтықты бірінші болып бағындырып, республика бойынша «Үздік шабандоз» атағын иеленген 13 жастағы Асхат Әлімжан да балаң ойларымен бөлісті. Оның келешекте атбегі болам деген бекем мақсаты бар екен. Тәуелсіз елдің жас ұрпағына бәрекелді, ақ жол дейміз!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here