30 қарашада Оқушылар сарайында ASTEX Astana Smart City 2016 форумы өтеді. Оған Қазақстаннан, алыс және жақын шет мемлекеттерден 400-ге жуық адам қатысады, деп хабарлайды Astana Innovatiоns АҚ.
Форум шеңберінде өткізу жоспарланған көрмеде адамның өмір сүруі үшін жайлы жағдайлар жасауға бағытталған жоғары технологиялық жобалар ұсынылады. Инновациялық қоғамдастықтың көшбасшылары, Smart City стандарттау, энергетика, ІТ, «жасыл технологиялар» салаларындағы белгілі қазақстандық және шетелдік сарапшылар, ғылыми және жобалаушы ұйымдардың өкілдері тәжірибелерімен бөліседі.
Панельдік пікірталас шеңберінде «Смарт ситиге» цифрлау; «ақылды» қалалардың экономиканың дамуына әсері; электрондық үкіметті дамыту мәселелері; «ақылды» қалалардың цифрлық трансформация және инновациялық шешімдері; Smart education «Bilimal»; жақын келешекте Астана қаласы үшін инновациялық шешімдер қаралатын болады.