ХІХ «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі өз мәресіне жетті.
Алты күн бойы әділ қазылар алқасының мүшелері «Бейнелеу өнері», «Хлреография», «Халық музыкасы», «Үздік әдеби шығарма», «Классикалық музыка» және «Эстрадалық вокал» номинациялары бойынша конкурсанттардың жұмыстарын бағалады. Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталып, мерекелік концерт өтті.
«Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша топ жарған қытайлық қандасымыз Қайсар Далайұлы өз әсерімен бөлісті. Сондай-ақ, «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша гран-при иегері атанған Асқар Нұрболат 200 жуық қатысушы арасынан суырылып шығып, еңбегінің бағаланғанына ризашылығын білдірді. Ал, «Классикалық музыка» номинациясы бойынша жүлдегер атанған Толғанай Дәулет алғашқы жеңісіне қол жеткізгені ұстазының еңбегі екенін айтты.