Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысының белсенділері жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері арасында спартакияда ұйымдастырды.
Шараның басты мақсаты — ЖОО студенттері арасында достық қарым-қатынасты нығайту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық сортқа қалыптастыру.
Спартакиадаға елорданың 10 жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері қатысты. Жастар мини-футбол, волейбол, үстел тенисі, жеңіл атлетика сынды спорттың 14 түрі бойынша бақ сынасты. Аталмыш жарыс Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай өткізілді.