Қар жинау жұмыстарын оңтайландыру және тиімді жүргізу мақсатында қала билігі мемлекеттік органдардың және қаланы санитарлық тазарту үшін жауапты коммуналдық қызметтердің өкілдерінен құралған жұмыс тобын жасақтады. Жұмыс тобына Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов жетекшілік етеді, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қала аудандары бойынша абаттандыру және санитарлық тазалау мәселелерін жүргізетін аудан әкімдерінің орынбасарлары жауапты тұлғалар саналады. Жұмыс тобының құрамына «Астана Тазалық» ЖШС, «Астана Көгалдандыру» АҚ, коммуналдық шаруашылық, табиғи ресурстар, құрылыс, энергетика басқармалары, «051 қызметі» ММ, және Астана қ. ІІД ЖПҚ Экология департаментінің өкілдері енгізілді.
Топтың жұмысы жедел әрекет етуге, проблемалық учаскелерге түрлі қызметтердің техникасын жедел түрде тартуға дайын болуға, абаттандыру және санитарлық күтіп ұстау ережелердің сақталуын қамтамасыз етуге, заңсыз қар үйінділерінің пайда болуына жол бермеуге, және халықты кең көлемді ақпараттандыруға бағытталған. Қазіргі уақытта көшпелі топ жауапты тұлғаларды уақытылы ақпараттандыру үшін бағыттарды аралау арқылы қаланы санитарлық тазалау жұмыстарына мониторинг жүргізуде.
Елордада көше-жол желісін, жаяу жүргіншілер жүретін аймақтарды, аула және орамішілік аумақтарды тазалау бойынша жұмыстар іркіліссіз жүргізілуде. Көлік жолдарындағы қаржы кешенді түрде жинау және шығару жұмыстары, және көшелерге реагнт себу түнгі уақытта да жалғасады. Жол жұмыскерлері қарды сыру, көше қиылыстары мен кіру жолдарын тазалау жұмыстарын жүргізуде.