Домой Қоғам Астана Елордада 21 қарашада Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау басталады

Елордада 21 қарашада Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау басталады

Елордада 21 қарашада Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау басталады

2016 жылғы 21 және 25 қарашада Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының тұрғын үйі» бағыты бойынша құжаттар қабылданады.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру шеңберінде Астана қаласының әкімдігі және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы арасында Астана қаласы, Есіл өзенінің оң жағалауы, № 23- 31, 23-16, 23-17, 23-30, А98 көшелер (жобалық атауы), Лот 15 мекенжайы бойынша орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешенінен тұрғын үйдің 1 шаршы метрі үшін құны 120 мың теңге болатын 125 пәтерді сату жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, оның ішінде:  ауданы 34,36 шаршы метр бір бөлмелі 3 пәтер; ауданы 57,68 шаршы метрден 60,69 шаршы метрге дейін екі бөлмелі 64 пәтер; ауданы 72,76 шаршы метрден 78,82 шаршы метрге дейін үш бөлмелі 58 пәтер.

Құжаттарды қабылдау 2016 жылдың 21 және 25 қараша (қоса алғанда) аралығында e.astana.kz веб-порталы арқылы өтініш берушінің электрондық цифлық қолтаңбасын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Порталдың ашылу уақыты 2016 жылғы 21 қарашада сағат 9.00-де, жабылу уақыты 2016 жылғы 25 қарашада сағат 24.00-де. Порталдық жұмыс істеу уақыты – тәулік бойы.

Бағдарламаға сәйкес аталған бағытта мына санаттар бойынша Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған (кезектегілер) азаматтар ғана қатыса алады:

жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары (Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; жасына қарай зейнеткерлер; оралмандар; экологиялық зiлзалалар; табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар);

мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

Бағдарлама талаптары бойынша бұл бағытты іске асыруда тұрғын үйге мұқтаждар есебінде мына санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтар қатыса алмайды: Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1 және  2-топтағы мүгедектер; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiмен бекітілетін кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.

Бағдарлама аясында құжаттарды қабылдау мерзімі кезінде өтініш бір рет қана берілуі мүмкін. Бұл ретте өтініш тікелей коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде тұрған адамнан ғана берілуі керек. Егер өтініш иесі кезекте тұрмаса, онда өтініш жоққа шығарылады. Портал арқылы өтініш толтырар алдында өтініш беру бойынша нұсқаулықпен танысу қажет.

Өтініш беру үшін:

өтініш иесінің ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұранысын;

неке қию (некені бұзу) туралы куәліктің (2008 жылдың 1 маусымына дейінгі), отбасы мүшесінің қайтыс болуы туралы (2007 жылдың 13 тамызына дейін), балалардың туу туралы куәліктерінің (2007 жылдың 13 тамызына дейін) электрондық көшірмесін;

өтініш иесінің жұмыс орнынан анықтамасының электрондық көшірмесін;

өтініш иесінің жұмыс орнынан табыс алатындығын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесін ұсыну қажет.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын мынадай құжаттар мәліметін өтініш беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар түрінде тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйесінен алады:

өтініш иесі тұлғасын куәландыратын мәлімет;

неке қию немесе некені бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейінгі), қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейінгі), балалардың тууы туралы  (2007 жылғы 13 тамыздан кейінгі) мәлімет;

өтініш иесінде және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйі бар немесе жоқ болуы туралы мәлімет;

өтініш иесі және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің Астана қаласында тұратындығын растайтын тіркеу туралы мәлімет;

отбасы мүшелерінде мүгедектің бар болуын дәлелдейтін мәлімет;

Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде кезек нөмірін көрсетумен тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде тұрғаны жөнінде мәлімет.

Қажет болған жағдайда «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) қызметкерлерімен азаматтар қосымша құжаттарды ұсыну үшін немесе өтініш иесімен берілген мәліметті анықтау үшін шақырылуы мүмкін.

Отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны) өтініш берілген пәтер ауданына әсер етпейді, үміткерлер өз қалауы бойынша пәтер түрін көрсетеді.

Қатысушылар арасындағы алдын ала іріктеу Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Тұрғын үй комиссиясымен (бұдан әрі – Комиссия) тұрғын үйге мұқтаждар есебі тізіміне және сол кезекке тұрған күніне сәйкес жүргізіледі.

«ҚТҚЖБ» АҚ-мен іріктелген өтініш иелерінің төлем қабілеттілігін бағалауы өткізілген соң, Комиссия Бағдарламаға қатысушылардың нақты тізімін бекітеді, олар Астана қаласы әкімдігінің және Басқарманың интернет-ресурсында жарияланады.

Бағдарлама шеңберінде жеке меншікке Бағдарламаның барлық бағыттары және Қазақстан Республикасының барлық өңірлері бойынша кейіннен сатып алу құқығымен 1 ғана бірлік тұрғын үй сатып алуға немесе жалға алуға болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here