Ертең Алматы қаласында Алматы облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді. Оған өңірдің 16 аудан, 3 қаласынан құны 166 миллион теңге болатын 285 тонна ет, сүт өнімдері, жеміс-жидек, көкөністер жеткізіліп, қала халқына орташа нарық бағасынан 15-20% арзан бағада ұсынылады. Жәрмеңке кезінде Алматы қаласының Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейін автокөлік қозғалысы шектеледі.