Instagram әлеуметтік желісін пайдаланатындар қатары соңғы 9 айда 100 миллион адамға артып, жалпы саны 400 миллионнан асты деп хабарланған желінің өз блогында.
Әлеуметтік желі өкілдерінің айтуынша, тұтынушылардың 25 пайызы АҚШ азаматтары болса, қалған 75 пайызы әлемнің өзге елдерінде. Соңғы 9 айда Инстаграм пайдаланушыларының күрт артуына Еуропа мен Азия тұрғындарының қосқан үлесі мол. Әсіресе, Жапония мен Индонезиядан тіркелушілер көп болған.
Қазіргі таңда тұтынушылар саны жағынан Instagram өз бәсекелестерінің бірі Twitter әлеуметтік желісін басып озды. Твиттерді пайдаланатындардың саны әлемде 316 миллион адамға жетіп отыр.
Пайда болғанына 4 жылдай уақыт болған Instagram желісіне бүгінгі күнге дейін барлығы 30 миллиардтай сурет жүктеліпті. Күн сайын желіні пайдаланушылар 70 миллион фото мен видео материалдарын жүктейді.