Талдықорғанда жаңадан шаңырақ көтерген 25 жұпқа құрмет көрсетілді. Шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алматы облысының «Жұлдызды 25 күн» аясында ұйымдастырылды.
Жас отбасылар өздерінің ұмытылмас бұл сәттерін мемлекетіміздің төл мерекесімен тұспа-тұс келуін мақтан тұтуда. Үлкен өмірге қол ұстасып, шаңырақ көтерген жұптарға 66 жыл отасқан Нүкен ата мен Дариға әжей ақ батасын берді. Жастарға ақ тілектерін білдірген Есжановтар әулеті бүгінде 6 баласынан 12 немере 14 шөбере сүйіп отырған берекелі жанұяның бірі.
Сондай-ақ, ерлі-зайыптыларға тұрмысқа қажет сыйлықтар табысталды. Шара аясында махаббат нышанына айналған ақ көгершіндер көкке ұшырылды. Облыс әкімі Амандық Баталовтың атынан орынбасары Жақсылық Омар құттықтап, жастарға бақыт тіледі.