Еліміздің облыстық достық үйлерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Конституция -Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» акциясы басталды. Ауқымды шараның шеңберінде Астанада еліміздің Ата заңын талқылау арқылы қазақстандық бірегейлікті насихаттауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Дөңгелек үстел басындағы әңгімеге кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, заңгерлер және елорданың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
«Демократиялық қоғамның биік идеалдарына ұмтылу, ежелгі қазақ жерінде тұрып жатқан халықтар арасындағы өзара құрмет пен достық, мәдениеттердің өзара байланысуы осының бәрі Ата заңда көрініс тапқан», — деп атап көрсетті «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ кәсіби медиаторы Фатима Ахмедова.