Домой Қоғам ОҚО Маяқұм жұртшылығы «Тәуелсіздік — ұлт рухының жемісі» тақырыбында ой толғады

Маяқұм жұртшылығы «Тәуелсіздік — ұлт рухының жемісі» тақырыбында ой толғады

Маяқұм жұртшылығы «Тәуелсіздік — ұлт рухының жемісі» тақырыбында ой толғады

50_%d0%bd%d0%b5%d0%b7%d0%b0%d0%b2%d0%b8%d1%81%d0%b8%d0%bc%d0%be%d1%81%d1%82%d1%8cЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданына қарасты Маяқұм ауылында «Тәуелсіздік — ұлт рухының жемісі» атты оқырмандар конференциясы өтті.

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесін ұлықтау, осы жылдардағы барлық еңбектерді, жетістіктерді халыққа кеңінен жеткізіп, халықпен бірге болу мақсатында өткен шараға ауыл ақсақалдары, тұрғындары және ауыл кітапханасының тұрақты оқырмандары қатысты.

Шараны аудан әкімінің орынбасары Пердебек Жаппарқұлов ашып, сөз сөйледі. «Тағдырдың тарам-тарам уыс жолайрығында болдық, экономиканы қайта қалыптастыру мәселесі алдымызда тұрды. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында даму бағытымызды жоспарлап, осы жолға түстік. Міне, содан бері 25 жыл уақыт өтті. Осы таңдаған жолымыздың дұрыс болғандығын қазіргі жағдайымыз дәлелдей түседі», — дей келе, конференцияға қатысушыларды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.

Шара барысында оқырмандармен еліміздің 25 жыл ішінде жеткен жетістіктері талқыланып, Ш.Уәлиханов мектебінің мұғалімі А.Қабылова «Қазақ — ежелден еркіндікті аңсаған ел» атты баяндамасын оқыды. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Арғынбаев, ауыл биі М.Дәрменовтер сөз алып, Тәуелсіздікке қалай қол жеткізгеніміз туралы баяндай келе, өскелең ұрпаққа бірліксіз тірлік болмайтынын айтты. Ақын Тәушен Әбуованың қызы Фарида Әбуова «Тәуелсіздік деп жырлайды жүрегім» атты өлеңін тарту етті. Елбасымыздың ұлттық рухта тәрбиеленгенінің арқасында Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізді және кейінгі ұрпаққа сондай тәрбие беру керектігін ортаға салды. Ол сондай-ақ осы мәселені жастарға насихаттауда аянбай еңбек ету керектігін атап өтті.

Конференция соңында жиынға қатысушылар «Ұлт рухынан мықты жәдігер жоқ» атты кітап көрмесімен танысып, қолөнерші Ш.Әуелбекованың өз қолынан шыққан бұйымдарымен танысты. Ал, ауыл өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынып, жиылған көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here