Домой Қоғам Алматы «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалында Саяси кеңестің жаңа құрамы сайланды

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалында Саяси кеңестің жаңа құрамы сайланды

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалында Саяси кеңестің жаңа құрамы сайланды

20160718162344

Талдықорғанда І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Нұр Отан» партиясының хатшысы З. Тұрысбековтің қатысуымен Алматы облыстық партия филиалының XIX есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиын барысында Мәдениет сарайы фойесіне аймақтық партия ұйымдарының жұмысына арналған көрме қойылды.

Конференцияда облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Баталов партия филиалы Саяси кеңесінің 2015-2016 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есеп берді.

А. Баталов партия Елбасы Жолдауында айтылған стратегиялық міндеттердің орындалуына ерекше назар аударатынын атап өтті. Мәселен, Алматы облысында есепті кезеңде 513,9 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілген. 48 жаңа өнеркәсіп орны іске қосылып, 26 кәсіпорын кеңейтілген. Сонымен ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту бағыттарында да атқарылған ауқымды жұмыстар аталып өтілді.

Облыстық мәслихат хатшысы, партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы С.Мұқанов, партияның Іле аудандық филиалы төрағасының орынбасары Е. Тұрымбетов, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері К. Горичева, Түрген ауылдық округінің әкімі Б. Елеусізова және басқа да азаматтар баяндаманы талқылауға қатысып, сөз соңында партия Саяси кеңесінің жұмысына қанағаттанарлық деп баға берді. Конференцияға қатысушылар жарыссөзге шыққандардың бұл бағасын бірауыздан қолдап, көпшіліктің дауысқа салуымен конфенерцияның қаулысы қабылданды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша бақылау-тексеру комиссиясының атқарған жұмысы туралы В. Сапожниковтың есебі тыңдалды.

Конференция соңында Саяси кеңестің, бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here