Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған мәдени шара Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Жалпы елордада 23 этонобірлестік жұмыс істейді. «Ұлы дала елі — Тәуелсіздіктің 25 тұғыры» жоспарын іске асыру шеңберінде бұған дейін түрлі жиындар мен конференциялар өткен. Ал бұл жолы қала тұрғындары соңғы 25 жыл ішіндегі этностардың жетістігін көруге мүмкіндік алды.
«Бұл көрменің басты мақсаты — Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғалы бері осы этномәдени бірлестіктердің ұлтаралық этносаралық бірегейлікті тұтастықты нығайтуда, дамытуда өздерінің қосқан үлестерін жетістіктерін Астана қаласының тұрғындарына көрсету» , — дейді , «Қоғамдық келісім» мекемісінің баспасөз хатшысы Дана Рысбай.