Домой Қоғам Алматы Елбасының туған жері Қарасай ауданында 18 ірі өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді

Елбасының туған жері Қарасай ауданында 18 ірі өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді

Елбасының туған жері Қарасай ауданында 18 ірі өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді

ed0_5824Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте Елбасы туып өскен Қарасай ауданының жетістіктері сараланды.

Бүгінгі таңда Қарасай ауданында 18 ірі өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде 16-сы Сапа менеджменті және халықаралық ИСО жүйесі бойынша абыройын асқақтатып тұр. Мәселен, «Хамле Компани ЛТД» ЖШС — кондитерлік өнімдер, «Азия Агро Фуд» АҚ – ұн, «RG Brands Kazakhstan» ЖШС – сусындар, «Kagazy Recyling» ЖШС қағаз және гофро өнімдерін шығарады. «Efes Kazakhstan» АҚ  ЖК – алкогольді, ал «Кока Кола» ЖШС СП алкогольсіз сусындар шығаруға бағытталған. Осы  алты кәсіпорын аудан өнеркәсібінің 70 пайызын құрап отыр. Бұл туралы брифингте Қарасай ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев айтты.

Биылғы қаңтар-қазан айлары аралығында негізгі капиталға инвестицияның тартылуы 95,3 млрд. теңгені құрап, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 16,5 млрд. теңгеге көбейген. Нақты көлем индексі 116,0%. Алматы облысы көрсеткішіндегі аталған ауданның үлесі 23,0 пайызды құрайды.

Ауданда бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын 13 мыңнан астам мекеме тіркелген, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 2528, жеке кәсіпкерлер – 6564, ауылшаруашылық саласындағы нысандар – 3933. Бүгінгі күні кәсіпкерлік бағытында 55900-ден астам адам жұмыс істейді, олардың орташа жалақысы 110 мың теңге. Бюджеттік төлемдер түсімі 7,1 млрд. теңгені құрап отыр.

Қарасай ауданы бойынша жалпы ауылшаруашылық  өнімдері 2016 жылдың 10 айында  38,6 млрд. теңгені құраған. Ауданда ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін бес ірі мекеме бар. Мәселен, «Арай» шаруа қожалығы мен «Медеу Коммерц» ЖШС  – сүт өнімдерін, «Қазақстан құстары» ЖШС, «Мамед» шаруа қожалығы, «Алсад Казахстан» ЖШС жұмыртқа өндірсе, «Жетісу» СПК мал және өсімдік шаруашылығымен айналысады.

Бюджетке  түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер  20,3 млрд.  теңгені құрап,  жоспар 98,0 %-ке орындалған. Республикалық бюджетке 9,1 млрд. теңге түскен. Жергілікті  бюджетке  түскен  түсім – 11,2 млрд. теңге немесе 95,2 %, меншікті  кіріс 9,5 млрд. теңге (92,8 % ) болып отыр.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here