Домой Қоғам Астана Тәуелсіздіктің 25 жылы фотосурет арқылы

Тәуелсіздіктің 25 жылы фотосурет арқылы

Тәуелсіздіктің 25 жылы фотосурет арқылы
 c-2Елорданың Тәуелсіздік сарайының ғимаратында ел тарихының әрбір жылының басты оқиғалары мен жетістіктері туралы баяндайтын «Тәуелсіздік жылнамасы — 25» фотокөрмесі ашылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Оны Астана қаласының әкімдігі «National Geographic Қазақстан» журналымен бірлесіп ұйымдастырды.

Қазақ елінің соңғы ширек ғасырдағы қалыптасу кезеңі, атаулы күндері, елеулі оқиғалары мен жүріп өткен жолын еске салып, көрсететін көрмеге Қазақстан және шетелдік фотомамандардың 80-нен астам еңбегі ұсынылады.

«Барлығыңызды келе жатқан мерекелермен құттықтаймыз. Қазір сарайда неше түрлі оқиғалар болып жатыр, ертең біз Тұңғыш Президент күнін атап өтеміз, биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын мерекелеудеміз, осы мереке қарсаңында атауында «тәуелсіздік» атауы бар осы сарайда Қазақстан жылнамасының көрмесін ашып отырмыз. Бұл жерде фотосуреттер арқылы еліміздің тарихы, табиғаты және байлығы туралы сыр шертетін 96-дан астам жұмыс қойылған», — деп мәлім етті Тәуелсіздік сарайының директоры Әсел Өміршина.

Фототілшілер өз туындыларын бұл көрмеге қою арқылы Қазақстанның бай мәдени мұрасына, төл тарихына, ұлттық бастауына деген махаббаты мен құрметін көрсетуді алдарына мақсат етіп қойып отыр.  Азаттығымыздың 25 жылдық мерейтойына арналған фотокөрме қарашаның 30-нан бастап жыл соңына дейін Астанадағы Тәуелсіздік сарайының негізгі көрме залында өтеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here