Домой Қоғам Алматы Алматы облысында бүлдіршіндерді балабақшамен қамту 87 пайызға жетті

Алматы облысында бүлдіршіндерді балабақшамен қамту 87 пайызға жетті

Алматы облысында бүлдіршіндерді балабақшамен қамту 87 пайызға жетті

20160525232706Талдықорғанда 80 орындық «Balabala» балабақшасы ашылды.  Нысанды талдықорғандық кәсіпкер Әлия Есқожанова өз қаржысына салған.

Мекеменің  ашылуына арнайы келген Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар талдықорғандықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен және Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Алматы облысында небәрі 47 балабақша болса, бүгінде олардың саны 903-ке жетті. Бүлдіршіндерді мекемемен қамту көрсеткіші 3 пайыздан 87 пайызға жетіп отыр. Яғни, осы көрсеткіштер арқылы ширек ғасырда елдің әлеуметтік мәселелерін шешуде қандай жұмыстар атқарылғанын бағамдауға болады», — деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

 Меймандар мекеменің жұмысымен танысып, балалардың өнерін тамашалады. Соңынан балдырғандарға сый-сияпаттарын үлестірді.

«Балабақша ашам деушілерге мемлекеттен қолдау көп. Әрі бұл іс халыққа пайдалы.Мәселен,Талдықорғанда 9 мың бүлдіршін бақша кезегінде тұр екен. Осы істі бастай отырып мен де еліміздің дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Нысанның ашылуымен 31 азамат жұмыспен қамтылды. Бақшада балалар үшін бар жағдай жасалған. Оқу үш тілде жүргізіледі. Ата-аналар айына 18 мың төлейді. Біз қызмет көрсету сапасын үнемі жақсартып отырамыз»,- дейді кәсіпкер.

Айта кету керек, бүгін Алматы облысында 25 балабақша ашылды.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here