Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай желтоқсанның 3-інен 18-іне дейін елордалық циркте Қырғызстан және Ресей артистерінің қатысуымен «Жібек жолы» қойылымының премьерасы өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Тақырыптық қойылым үшін бірегей костюмдер тігіліп, цирк манежі түрлі декорациялармен және жарықпен безендіріледі. Шоу-бағдарламаға елорда циркінің кәсіпқой артистері де тартылды. Қойылымға әуе гимнастары, ерекше жанрдың артистері, «Ат үстінде хула-хуппен гротеск», «Томирис» балет-цирк номері енгізілді. Көрермендерді көңілді сайқымазақтар мен иттер, түйелер, аюлар, Джуди атты жайдары маймыл және тағы да басқа қызықты номерлер қуантады.