Домой Қоғам Астана Астанада «Мейірімді қала» акциясы өтуде

Астанада «Мейірімді қала» акциясы өтуде

Астанада «Мейірімді қала» акциясы өтуде

c-2Астананың аудандық әкімдіктері «Мейірімді қала» акциясына қолдау білдіріп, халықтың әлсіз топтарына көмек көрсетуде, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бүгін төрт баланы тәрбиелеп отырған көп балалы анаға әлеуметтік көмек көрсетілді, балаларының бірі сал ауруына шалдыққан. Отбасыға жылы киімдер, спорттық костюмдер, ноутбук және мүгедек арбасы тарту етілді.

Көп балалы ана №2 қалалық балалар ауруханасында медбике болып жұмыс істейді. Ол үйде болғанда мүгедектігі бар інілеріне ағалары қарайлайды.

«Үлкен ұлым 23 жаста, ортаңғы балаларымның екеуі де жетінші сыныпта оқиды. Мен ауысымда болғанда балаларым маған көмектеседі, кейде туыстарымнан көмек сұраймын. Міне, осылай өмір сүріп жатырмыз. Әлеуметтік қызметкерлер бізді циркке, киноға, ипподромға шақырып жатады  қуана барамыз, — дейді әйел. Ал осындай үлкен көмекті алғаш рет көрсетіп отыр, мереке қарсаңында үлкен қуаныш. Қамқорлықтары үшін алғыс айтамын».

«Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты да «Мейірімді қала» акциясына қосылды, аз уақытта бірнеше адамға көмек көрсетілді. Бүгін біз көп балалы ананың үйінде болдық. Осыдан үш күн бұрын мұнда қала әкімі келген, сол кезде әйел төрт баласына киім мен компьютер қажет екенін айтқан болатын. Ананың өтініші орындалды», — дейді аудан әкімі Арман Тұрлыбек.

Қайырымдылық шарасына «Family Clinic» ЖШС-і де қуана қосылды.

«Біз мұндай акцияларға жүйелі түрде қатысамыз, еліміздегі барлық кәсіпкерлерді қайырымды істерге шақырамыз», — деп мәлім етті «Family Clinic» ЖШС директоры Шолпан Бихамбетова.

Еске салсақ, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларға қосымша ретінде осы акцияны өткізу бастамасын қала әкімі Әсет Исекешев көтерген болатын.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here