Астанада әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетуге арналған «Астана — мейірімді қала» жалпықалалық қайырымдылық акциясы жалғасуда. Акция аясында қала әкімдігінің қызметкерлері, әкімнің орынбасарлары, басқармалардың басшылары, Астана әкімі Әсет Исекешев көмекке мұқтаж қала тұрғындарына қол ұшын созуда, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
10 жасар Нұрсұлтан Кәкімовке туа біткен ДЦП диагнозы қойылған. Сондай-ақ, оған соқырлықтың 4-5 дәрежесі қойылды. Оның анасы Гүлмира Таутанова №2 қалалық балалар ауруханасында мейірбике болып істейді, ол жалғыз 4 баланы тәрбиелеп отыр. Кәкімовтер отбасының қиын материалдық жағдайын ескере келе, елорда әкімдігімен материалдық көмек көрсетілді, сондай-ақ, мүгедекке арналған арба табысталды.
Көп балалы ана Гүлмира Кәкімова елорда әкімінен балаларға киім мен компьютер алуға көмек көрсетуін сұраған. «Асана — мейірімді қала» қайырымдылық акциясы аясында Әсет Исекешев Кәкімовтер отбасында болды.
Сонымен қатар, қала басшысы 87 жасар қала тұрғыны Плотникова Любовьтің жағдайымен танысты. Тыл еңбеккері көп жылдар бойы АТС монтері болып істеген. Қазіргі кезде жалғызбасты әйел қиын жағдайда тұрып жатыр. Оған материалдық көмек көрсетіліп, қажетті дәрі-дәрмек алуға қаржы бөлінді.
Еске салайық, Астанада 1 желтоқсанда «Астана — мейірімді қала» жалпықалалық қайырымдылық акциясы басталды. Түрлі бағыттар бойынша қолдау көрсетіледі, яғни, азық-түлік өнімдерін, көмір, киім-кешек сатып алу, дәріханадан дәрі-дәрмек сатып алу үшін сертификаттар және т.б.
Акцияға қатысуға ниет танытқандар Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік көмек басқармасына Иманбаев көшесі, 16, 1-ші кабинет мекен жайы бойынша келе алады.