Қаңтар айынан бастап 10 ай ішінде Ақтөбе облысы өндірісінің көлемі 959,7 млрд. теңгені құрады. 2015 жылмен салыстырғанда 98,4 пайызға сәйкес келеді.
2016 жылы облыста 10 инвестициялық жоба іске қосылды. Бұл жобалардың жалпы құны 16,9 млрд теңгені құрады. Жоба барысында 736 жұмыс орны ашылды. Осы 10 жобаның 3-еуі Индустриализация картасына енгізілді.
«Сайлан Ақтөбе» ЖШС, «Хромикс» пигмент-толтыру және құрамында хромы бар магнезиялық ұнтақ шығаратын цех ашылып, 20 жұмыс орны ашылды. Бұл цех жылына 6 мың тоннан «хромикс» өндіреді деп күтілуде. «КазинРусс-трейдинг ЖШС» мұнай өңдейтін зауыты ашылып, 131 адам жұмыспен қамтылды. Бұл зауыттың жалпы құны 230 млн теңге, ал қуаттылығы жылына 111,6 мың тонна дизель отыны мен жанар-жағармай шығарады.
Германияның «Weckenmann» компаниясының технологиясымен салынған «Үй құрылысы комбинаты» ЖШС жылына 50 мың шаршы метр құрылыс құралдарын шығарады. Бұл зауыттың жалпы құны 2,5 млрд теңге. Зауыт ашылғалы, 103 адам жұмысқа қабылданды.