Домой Қоғам Алматы Талдықорғанда өткен Еуразиялық бейнероликтер фестивалінде Беларусь елі бас жүлдені жеңіп алды

Талдықорғанда өткен Еуразиялық бейнероликтер фестивалінде Беларусь елі бас жүлдені жеңіп алды

Талдықорғанда өткен Еуразиялық бейнероликтер фестивалінде Беларусь елі бас жүлдені жеңіп алды

20161205194013Алматы облсында тұңғыш рет Еуразиялық бейнероликтер фестивалі ұйымдастырылды. Халықаралық деңгейдегі байқауда Беларусь елінен қатысқан Алина Мажар 1-орынды жеңіп алды.

Беларусь еліндегі ВТВ телеарнасының продюсері, 25 жастағы Алинаға арнайы диплом, фестивальдің мүсіншесі және 300 мың теңгенің сертификаты табысталды.
Ал екінші орын Қырғызстаннан келген Мирлан Абдуллаевқа  (жүлде қоры 200 мың теңге),  үшінші орын украиналық   Артем Делиписке (жүлде100мың теңге) бұйырды.

Жалпы аталған шараға 11 елден 57 өтініш түскен.  Ақтық сында тек ең үздік деп танылған  7 бейнеролик іріктелініп алынды. Қатысушылар арнайы номинация бойынша марапатталды. Олардың әрқайсысына 75 мың теңге, арнайы диплом және фестивальдің мүсіншесі табыс етілді.

Арнайы үлкен экран арқылы көрсетілген бейнероликтерде әр ел өзінің салт-дәстүрі және Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері жайлы насихаттады. Ал шараны  Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі бірлесе ұйымдастырды.

Шараның мақсаты Тәуелсіздікке қол жеткізген мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, талантты және кәсіпқой режиссерлер мен операторларды қолдау, жастардың шығармашылық өсуіне қолдау көрсету, қатысушылардың әлемдік деңгейге шығуына жол ашу болып табылады.

Үздік бейнероликтерді анықтауға танымал режиссер Асқар Бисембин шақырылды. Киногер барлық қатысушылардың жұмыс сапасы жоғары болғанын айтады. Ол қонақтарға арнайы семинар өткізіп, кеңестерін берді.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here