Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу залында «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша «Ұлағат» мәдениет және даму қорының ұйымдастыруымен студенттер арасында мемлекеттің дін саласындағы саясатының басым бағыттары мен дінге қатысты негізгі мәселелерді талқылауға бағытталған интерактивті сабақ өткізілді.
Студенттер үшін сабақтан тыс уақытта қолайлы жағдайда ұйымдастырылған кездесі барысында ғаламтор кеңістігінде діни радикализмнің алдын алуға қатысты бірқатар өзекті сұрақтарды талқылау көзделген. Соңғы уақытта жастардың теріс пиғылды көздейтін дін атын жамылған күштердің жетегінде кету қаупі басым жағдайда шетелдік уағызшылардың әлеуметтік желілерде жүргізетін жұмыстарының нәтижесі екені көпшілікке мәлім. Осы арада қоғамымыздың тұрақты дамуы мен арман қарай гүлденуінің маңызды шарты рухани және психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуімен тікелей байланысты екенін ескермеске болмайды.
Интерактивті сабақ модераторы Астана қаласы әкімдігінің АТТ мүшесі Жұмақасова қамажан Ғабдрашқызы болды. Дәріскерлер ретінде кездесуге Дін мәселесі жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері тартылды. Атап айтқанда, дінтанушы Т.Ф.Мустафина және теолог, Әлжан Ана мешітінің наиб-имамы Б.М.Жанақов жұмыс жасады.
Студенттік жастармен кездеу барысында қойылған негізге мақсат-міндеттерді келесідей жүйелеуге болады:
— Мемлекет және дін қатынастары бойынша діни-құқықтық түсіндірмелер жүргізу;
— Жастар арасында қордаланып қалған дінтану және теологиялық сұрақтарға мамандар тарапынан толыққанды жауап алуына жағдай туғызу, «сұрақ-жауап» форматындағы кездесулерді жандандыру;
— Жастардың отансүйгіштік түсінігін дамыту және тарихи санасын тереңдетуге бағытталған шаралар арқылы олардың радикалды идеологияның жетегінде ілігу қаупінен құтылуына ықпал ету және т.б.
Интерактивті сабақ барысында студенттік жастармен еліміздегә және әлемдегі діни ахуалдың жай-күйі талқыланды. Дін сұрақтарына қызыға отырып, қазіргі кезде жастардың, оның ішінде қазақстандық азаматтардың да ислам атын жамылған теріс пиғылды ұйымдардың жетегінде кету қаупі жиі байқалатынына баса назар аударылды.
Жастарға дінге қатысты, мемлекетіміздің дін саласындағы жүзеге асырылып отырған саясатына байланыстыақпаратты, дерек көздерін қайдан алуға болатыны жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, іс-шара барысында «Ұлағат» мәдениет және даму қорымен жоба аясында әзірленген тарапта материалдар (буклет, брошюра) студенттердің қолдарына табыс етілді.