Домой Қоғам ОҚО Тəуелсіздікке тарту: Түлкібаста үш əлеуметтік нысан пайдалануға берілді

Тəуелсіздікке тарту: Түлкібаста үш əлеуметтік нысан пайдалануға берілді

Тəуелсіздікке тарту: Түлкібаста үш əлеуметтік нысан пайдалануға берілді

dsc_1606Бүгін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында Түлкібас ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа ғимараттардың ашылу салтанатына қатысқан аудан əкімі Əуелхан Тұрғынбеков барша тұрғындарды мерейлі мерекемен құттықтап, облыс басшысы Ж.Түймебаевтың ізгі тілегін жеткізді.Жергілікті халықтың қуанышымен бөліскен аудан əкімі мұндай игі шараның Тәуелсіздіктің арқасында мүмкін болғанын айтып, осынау қастерлі бақты мәңгіге бірлесе сақтауға шақырды.

Осы күні ең алдымен, Т.Рысқұлов ауылдық округі, Азаттық ауылындағы 300 орындық мәдениет үйі ел игілігіне берілді. Республикалық «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйіне 75 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалған. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Нұрлысан» ЖШС-і жүргізді. Төрт мыңнан астам халқы бар ауылдық округ тұрғындары негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады. Елді мекенде әлеуметтік мәселелер оң шешімін тапқан.

Сонымен қатар, аталған ауылда күрделі жөндеуден өткен əкімдіктің ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты əкімдік нысанының тиісті жұмыстарына жергілікті бюджеттен 84 млн. теңге бөлінген. Жұмыс жасауға барлық жағдай жасалған əкімдікте 14 азамат еңбек етеді.

Мұнан бөлек, Тəуелсіздіктің 25 жылдығына тарту ретінде ауданда жаңа мектеп салтанатты түрде ашылды. Аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылында халық санының өсуіне орай жаңа мектептің қажеттігіне байланысты «Жанкент» шағын ауданындағы 600 орындық жаңа мектептің құрылысы бітіп, пайдалануға берілді. 3 қабатты білім ошағының қаржы көзі облыстық бюджеттен. Жалпы сметалық құны 669  млн. 500  мың теңге. Ауылдық округте 4 мектеп орналасқан. Халық саны 18902 құрайды.

Биылғы жылы аталған елді мекенде 280 орындық  балабақша, 96 пәтерлі 2  тұрғын үй, 1 спорт кешенінің құрылысы жүріп, ел игілігіне берілді. Сонымен қатар, округтің орталық көшесі абаттандырылып, жаңа шағын ауданға инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді.

 Жалпы, Түлкібас ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, 20 нысанның құрылысы жүріп, жыл соңына дейін ел игілігіне берілмек.

Егемендігімізді алған жылдардан бері Түлкібаста 157 нысанның  құрылыс жұмыстары жүргізіліп, аудан халқының саны 26 мың адамға өсті. Ширек ғасырда 25 мектеп, 2 бала бақша салынып, 31 білім беру мекемелері күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, мәдениет саласында 9 нысан күрделі жөндеуден өтіп, 2 нысан жаңадан салынды. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ауданның жеткен жетістіктерінің бір парасы ғана.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here