Туризмдi дамытуға қолайлы аймақтың бiрi — Оңтүстiк Қазақстан облысы. Шетелдiктер ғана емес, отандастарымыздың өздерi де көрмеген орындар мұнда жетерлiк.
Бүгiнде өңiрде Түркiстан, Отырар, Сайрам бағытында мiнәжат ету, тарихи-танымдық туризмi, Ақсу-Жабағылы, Қаратау мемлекеттiк табиғи қоеттiк табиғи ұлттық паркi аумағында экологиялық туризм және Сарыағаш ауданында емдiк-сауықтыру туризмi қарқынды даму үстiнде. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 86-қадамына сәйкес 2014 жылдың 19 мамырында ҚР Үкiметiнiң №508 қаулысымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасында туризм индустриясын 2020 жылға дейiн дамыту» Тұжырымдамасына өзгерiстер енгiзiлiп, оның жобасы қайта әзiрлендi.
Жобада 6 туристiк кластер құру көзделген. Соның iшiнде Оңтүстiк Қазақстан облысы «Ұлы Жiбек жолын қайта жаңғырту» кластерiне енгiзiлген. Бұған келесi туристiк нысандар кiредi: Түркiстан қаласы және «Әзiрет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық мұражайы; Отырар қалашығы; Сауран қалашығы; Қаратау мемлекеттiк табиғи қорығы; «Сайрам-Өгем» МҰТП; «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттiк табиғи қорығы; «Қасқасу» тау-шаңғы курорты. Тұжырымдамаға сәйкес оңтүстiк өңiрiнiң тарихи-танымдық туризмi бағытында бренд әзiрлендi — «The Heart of the Silk Way» («Жiбек жолының жүрегi»). Облыстың туристiк әлеуетiн насихаттау, алға жылжыту мақсатында «Ontustik Tourism Center» туристiк ақпараттық орталығы құрылды. Орталық өңiр тұрғындары мен қонақтарға «бiр терезе» қағидасымен қызмет көрсете отырып, туристерге қажет ақпаратпен қамтамасыз етедi және облыста бизнестiк ортаны дамыту бағытында жұмыс iстейдi. Жалпы, облыста туризмдi дамыту бойынша жұмыстар 3 бағытта жүргiзiлуде.
Бiрiншi — туристiк инфрақұрылымды дамыту. Екiншi — туризмдi маркетингтiк iлгерiлету. Үшiншi — туристiк қызмет сапасын арттыру. Осыған орай, 15 аудан, қала кесiндiсiнде 2-3 күндiк маршруттар әзiрлендi. Оған 84 нысан енгiзiлдi. Әзiрленген маршруттардың бойындағы туристiк нысандарға сараптама жасалды. Нәтижесiнде кiреберiс жолдарын жөндеу, жол сiлтегiштер орнату, әжетханаларды реттеу бойынша аудан, қала әкiмдiктерiне ұсыныстар жолданды. Сала мамандарының ұсынысымен туристер көптеп баратын тарихи және табиғи нысандардың тiзiмi жасалынып, олар орналасатын орындардың паспорттары әзiрлендi.
Сонымен қатар, «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық көлiк дәлiзiнiң бойында қызмет көрсету нысандарын дамыту мақсатында тамақтану, орналастыру орындарына, автокөлiк жанар-жағармай бекеттерiне сараптама жүргiзiлдi. Ұлттық стандартқа сәйкес «В», «С» категориялы нысандарды орналастыру бойынша инвесторлармен тиiстi жұмыстар атқарылуда.