Домой Қоғам ОҚО ОҚО-да Тәуелсіздік жылдарында жұмыссыздық деңгейі 3 есеге дейін төмендеген

ОҚО-да Тәуелсіздік жылдарында жұмыссыздық деңгейі 3 есеге дейін төмендеген

ОҚО-да Тәуелсіздік жылдарында жұмыссыздық деңгейі 3 есеге дейін төмендеген

 ea4d88e7-339e-4a49-a145-c7e4328e3445Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сәтжан Полатов ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында хабарлады.

Аталған басқарманың Тәуелсіздік жылдарында жұмыспен қамту саласы бойынша жеткен жетістіктеріне арналған жиында басшы орынбасары Тәуелсіздік жылдарында облыс халқы 50%-ға өсіп, 2,8 млн. адамды құрағанын, сәйкесінше, жұмыспен қамтылған халықтың саны 60%-дан астамға өсіп,  жұмыссыз халықтың саны үш есеге жуық азайғанын жеткізді. Нақтырақ айтқанда, облыстағы статистикалық есеп бойынша 2000 жылы жұмыссыздық деңгейі 14,3 пайызды құрап, 2016 жылы 5,1 пайызға (2016 ж. ІІІ тоқсан қорытындысы) төмендеген. Ал осы мерзім ішінде аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек ретінде 42,8 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініпті.

«Тәуелсіздіктің 25 жылында жұмыспен қамтылған халықтың саны артып, жұмыссыздардың саны және жұмыссыздық деңгейі  төмендеуі байқалып отыр. Оның дәлелі 2009 жылғы жұмыссыздардың саны 75 мың адамнан бүгінгі күнге 62,1 мың адамға, жұмыссыздық деңгейі 6,6 пайыздан, 5,1 пайызға, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 8,1 пайыздан 3,5 пайызға дейін төмендеді», — деді С.Полатов.

Егемендік тойы қарсаңында, жыл басынан бері облыста 46480 жаңа жұмыс орындары ашылғанын баяндаған Сәтжан Мұхтарұлы алдағы уақыттарда мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде тағы да 51220 жаңа жұмыс орындары ашылатыны жоспарланып (оның ішінде 4687 орын «Нұрлы жол», 2404 орын «ҮИИД» бағдарламасы шеңберінде, 12031 орын мемлекеттік салалық, 2330 орын «Бизнестің жол картасы 2020 жол картасы», 1266 орын «Агробизнес 2020» шеңберінде, 6351 орын «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», 22152 орын «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламалары аясында) жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ, жергілікті жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында 11392 адамды жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналасатыны көзделгенін де атап өтті.

Саладағы елеулі жетістіктердің бірі «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы екенін айтқан спикер аталған бағдарламаның арқасында көптеген азаматтардың жұмыспен қамту нәтижесінде олардың табысы артып, әл-ауқатының жақсарып жатқанын қуантарлықтай жағдай екенін жеткізді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2011 жылдан бастап инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікті дамыту, кәсіптік даярлау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған «Жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асыруда 6,2 мың адамға шағын несие берілсе, 20,3 мың адам кәсіби оқуға жолданып, мамандық алуына, 216,1 мың адамның тұрақты жұмысқа орналасып, табысын арттыруына мүмкіндіктер туған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here