Домой Қоғам Алматы Талдықорғанға көгілдір отын келетін күн таяу

Талдықорғанға көгілдір отын келетін күн таяу

Талдықорғанға көгілдір отын келетін күн таяу

0c77c277e08607def67e5d834e3629a6Бүгін облыс әкімдігінде облыс әкімі Амандық Баталов Европалық қайта құру және даму банкінің делегациясымен және даниялық «Ramboll» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Талдықорған қаласын газдандыру мәселесі сөз болды.

ЕҚДБ Ресей және Орта Азия бойынша инфрақұрылым департаментінің жетекші банкирі Аббас Офариновтың айтуынша, жоба бойынша техникалық-экономикалық зерттеу үшін ашық тендер негізінде және бірлесіп жұмыс істеу үшін «Ramboll» компаниясы таңдалып алынған. Кездесуде А. Офаринов «Ramboll» компаниясының жобалық менеджері Фредерика Питзнер мен бас инженері Луджер Бринкманды таныстырды.

Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Б. Тәнекеновтің айтуынша, қазіргі кезде ЕҚДБ мен «Ramboll» өкілдерімен жұмыс жүргізу техникалық-экономикалық зерттеу кезеңі болып табылады. Оң қорытындысын алғаннан кейін Талдықорған қаласында газ тарату желісі құрылысы жобасының IV кезеңі қаржыландырылатын болады. Несиелеу сомасы 4,6 млрд. теңгені құрайды.

«ЖетісуОблГаз» ЖШС директоры В.Тохтасунов биылғы жылы облыстың газ тасымалдау жүйесін дамытуға жергілікті бюджеттен 3,0 млрд. теңге бөлінгенін, оның 2,3 млрд. теңгесі Талдықорғанды газбен қамтудың қалаішілік жүйелерінің құрылысына қарастырылғанын айтты. Келесі жылға Талдықорғанды газбен қамтудың I кезегінің құрылысын аяқтауға тағы 2,4 млрд. теңге бөлінді. Сөйтіп 2017 жылы I кезек аяқталған соң облыс орталығының тұрғындары көгілдір отынмен қамтылатын болады.

Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі А. Баталов облыс орталығын газдандыру  өте маңызды, әрі ауқымды жұмыс екенін, сондықтан бұл істің ұсақ-түйегіне дейін тыңғылықты қарап, экологиялық мәселелерді де ескеру қажеттігін атап өтті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here