Домой Қоғам Алматы Алматы облысында бір күнде екі көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Алматы облысында бір күнде екі көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Алматы облысында бір күнде екі көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

20161212195253Бүгін Алматы облысының Ақсу ауданында екі көп қабатты үй пайдалануға берілді.

Жансүгіров ауылында 50 отбасы баспаналы болды. Халықтың игілігіне берілген баспана 90-шы жылдары қаңырап бос қалған. Қос үйді қалпына келтіріп, ел игілігіне беруде  ауданнан шыққан белгілі бизнесмен Сабыр Қадырұлы өз үлесін қосты.

Айта кету керек, қазіргі таңда Ақсу ауданында ерекше акция ұйымдастырылған. «Туған жерге туыңды тік» атты бастама аясында ауданнан шыққан кəсіпкер жомарт жандар өз көмектерін көрсетуде. Сабыр Қадірұлы да, осы игі шара аясында өз көмегін көрсетті.  Коммуналдық үйден пəтерге ие болған жандардың барлығы баспана  тауқыметін тартқандар. Олардың ішінде 7-і жетім бала бар.

Соңғы екі жылда Ақсу ауданында баспана құрылысы қарқынды.118 коммуналдық пəтер пайдалануға берілді. Аудан əкімі  Əділбек Далбағаевтың айтуынша, бүгінде аудан халқының саны күн санап өсіп келеді. Баспана кезегінде 500-ден аса адам тұр.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here