Домой Қоғам Астана Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығы шеңберінде көркемсурет көрмелері өтіп жатыр

Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығы шеңберінде көркемсурет көрмелері өтіп жатыр

Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығы шеңберінде көркемсурет көрмелері өтіп жатыр

c-1Елордада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде түрлі мәдени және спорттық шаралар, байқаулар, флешмобтар өткізілуде, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

16 желтоқсан қарсаңында Тәуелсіздік сарайында Қазақстан суретшілер одағының мүшелері Жанұзақ Мүсәпір мен Әділғали Баяндиннің «Суретші бақыты — Еркіндік» тақырыптық көрмесі ашылды. Көрмеде қылқалам шеберлерінің 50-ден аса ең жарқын туындысы ұсынылды.

Сондай-ақ, «Астана» сурет галереясында Қазақстанның 25 жас суретшісі еңбектерінің көрмесі ашылды. Олар дөңгелек үстел басында өздерінің күнделікті және шығармашылық өмірлерінде тәуелсіз мемлекет қалыптасуының маңыздылығын қалай түсінетіндерін жеткізді.

Фотограф Оспан Әли қазақстандықтардың өмірінен жарқын және кездейсоқ эпизодтарын түсірген. Фотосуретшінің еңбектерін «Керуен» СОСО ертең ашылатын «Тәуелсіздігіміздің 25 кадры» атты көрмеден көруге болады. Оның кейіпкерлері белгісіз, бірақ олар біз байқамайтын еліміздің тұлғалары.

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. Ассалаумағалейкум бауырлар. Маған Жанұзақ Мүсәпір мырзаның телефоны не эл. почтасы керек еді. Өтінем.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here