Домой Қоғам Алматы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына — 25 жаңа нысан

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына — 25 жаңа нысан

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына — 25 жаңа нысан

6124760a76f50cedd7095d8a36bdf090Бүгін Талдықорған қаласындағы Журналистер үйінде Өңірлік коммуникациялар орталығының базасында облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  «25 жұлдызды күн» акциясы аясында облыста 25 кәсіпорын іске қосылатыны туралы кеңінен мәлімет берілді.

Бұл 25 кәсіпорынның жалпы инвестициясының көлемі 48,3 млрд. теңге, құрылатын жұмыс орнының саны — 2127. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы кешендері, жаңартылған энергия көздерін, құрылыс материалдарын шығаратын және басқа да салалардағы кәсіпорындар бар.

С. Тұрдалиевтің айуынша, 6 желтоқсанда Елбасының қатысуымен Индустрияландыру күніне орай өткізілген тікелей телекөпір барысында 25 кәсіпорынның бірі таныстырылған болатын. Текелі қаласындағы «Bapy Mining» ЖШС-ның «Инновациялық технологиямен жылына қуаттылығы 400 мың тонна қолданбалы шойын шығаратын тау кен өңдеу кешенінің құрылысы» нысанының алғашқы домна пешін қыздыру басталғаны және құрал-жабдықттарды монтаждау жұмысының аяқталғаны туралы  баяндалды.  Жобаның жалпы құны 8,5 млрд. теңгені құрайды. Аталған зауыт толық қуаттылыққа шыққаннан кейін 500 жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.  Бұл біздің облыстағы  шағын металлургия зауыты болады.

Сонымен қатар Алматы облысының әкімі А.Баталовтың қатысуымен биылғы жылғы 30 қарашада Сарқан ауданында қуаттылығы 17 МВт Лепсі СЭС-і іске қосылды. Инвестиция сомасы – 4,2 млрд.теңге, 17 жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ Талдықорған қаласында «Көктем Гранд» қонақ үйі ашылды.

Ал бүгін, 14 желтоқсанда облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Тұрлашов Қарасай ауданында екі кәсіпорынды іске қосады: «Алматы шыны» ЖШС-ның шыны ыдысын шығаратын зауыты, қуаттылығы жылына 120 млн. бөтелке шығаруға қауқарлы, инвестициясы – 11 млрд.теңге және 400 жаңа жұмыс орны құрылады. Сонымен қатар, «ХоландГринТек» ЖШС-ның жылыжайларға арналған металл құрылымдарын шығаратын зауыты, 2 млрд.теңгеден астам инвестиция тартылып, 50 жұмыс орны құрылады.

Сонымен қатар 16 желтоқсанға дейін Талғар ауданында пластик өнімдерін шығаратын зауыт (қуаттылығы 3 мың тоннаға дейін, инвестиця көлемі — 1,4 млрд.теңге, 65 жұмыс орны), «Асыл Құс Агро» ЖШС құс фабрикасы (инвестиция көлемі – 2,4 млрд. теңге, 170 жұмыс орны),  резина плиткаларын шығаратын «Артпрайм Қазақстан» ЖШС (инвестиция – 0,03 млрд. теңге, 12 жұмыс орны), 500 орындық мейрамхан (0,05 млрд. теңге, 30 жұмыс орны), 3800 шаршы м. Сауда алаңы (инвестиция – 0,15 млрд. теңге, 100 жұмыс орны), консервіленген жүгері, аджика, томат пастасын өндіретін «Talgiz FOOD» ЖШС (инвестиция – 0,76 млрд. теңге, 80 жұмыс орны), Қапшағай қаласында 4,5 МВт «Аннар» ЖШС-ның жел электр станциясы және басқа да нысандар іске қосылады.

Атап айтқанда, Іле ауданында «Айсберг» ЖШС-ның алаңы 20 мың шаршы метр болатын А классты логистикалық орталығы (инвестиция – 2,7 млрд. теңге, 120 жұмыс орны), «GECUS-ҚАЗАҚСТАН» ЖШС-ның ламинатталған фанер шығаратын зауыты (инвестиция – 0,35 млрд. теңге, 120 жұмыс орны); Сарқан ауданында «Baskan Power» ЖШС-ның Жоғарғы Бақанас 1-ші ГЭС-і («Энергомост» ЖШС) (инвестиция – 2 млрд. теңге, 12 жұмыс орны);  Панфилов ауданында «Exim-Base» ЖШС-ның жүгері сақтау қоймасы (инвестиция – 1 млрд. теңге, 15 жұмыс орны); Райымбек ауданында «Meat processing and services» ЖШС-ның мал бордақылау алаңы (инвестиция – 1,9 млрд. теңге, 40 жұмыс орны); Алакөл ауданында бал қаптаумен айналысатын «Лепсі өнімдері» ЖШС (инвестиция – 1,029 млрд. теңге, 4 жұмыс орны); Ақсу ауданында пеллет өндіретін «Әулет» ЖК зауыты (инвестиция – 0,02 млрд. теңге, 6 жұмыс орны); Ұйғыр ауданында жүн және тері өңдейтін «Ұйғыр ауданындағы жүн және тері өңдейтін Шонжы зауыты» ЖШС (инвестиция – 0,85 млрд. теңге, 200 жұмыс орны), «Тенгрифиш» ЖШС балық аулау шаруашылығы (инвестиция – 0,126 млрд. теңге, 16 жұмыс орны), көмір брикеттерін шығаратын «Агнер» ЖШС; Ескелді ауданында «Алибастау Арна» ЖШС-ның қуаттылығы айына 13 мың текше метр болатын бетон шығаратын зауыты (инвестиция – 0,15 млрд. теңге, 10 жұмыс орны);  Текелі қаласында «Текелі ГМЗ» ЖШС-ның сүт зауытыны жаңғырту жұмыстары (инвестиция – 0,137 млрд. теңге, 28 жұмыс орны), «Атамекен» СОК сауда және спорттық-ойын сауық кешені (инвестиция – 2,8 млрд. теңге, 30 жұмыс орын).

Тәуелсіздіктің жиырма бес жылы ішінде Алматы облысында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 1991 жылы 9,5 млрд.теңгеден 2015 жылдың қорытындысы бойынша  562,9 млрд. теңгеге дейін артты. Жалпы өңдеу өнеркәсібі өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі жетекші рөлін сақтап келеді, мәселен  2015 жылы оның үлесі —  82%-тен асты.

Cонымен қатар, Алматы облысы — республикалық «Парыз», «Қазақстанның үздік тауары», «Сауда үздігі», «Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпиондары» байқауларының белсенді қатысушысы. Мәселен, 2016 жылы «Парыз» байқауына 4 кәсіпорын қатысты, байқаудың қорытындысы  бойынша «Еңбекті қорғау бойынша үздік кәсіпорын» номинациясында «ТК Метакон» «Парыз» күміс белгісін иеленсе, «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «ТАТЭК» АҚ  «Парыз» қола белгісін иеленді.

«Қазақстанның үздік тауары 2016» республикалық байқауында «Алматы бояулары» ЖШС «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясы бойынша жеңімпаздардың қатарында аталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here