Домой Қоғам Алматы Қарасай ауданында жаңа зауыттар іске қосылды

Қарасай ауданында жаңа зауыттар іске қосылды

Қарасай ауданында жаңа зауыттар іске қосылды

21d8e9cf6d0769987c2338d95d54e4d1Қарасай ауданында облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың қатысуымен екі зауыт іске қосылды. Зауыттар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай облыста пайдалануға беріліп жатқан 25 жаңа нысанның қатарында.

Бірінші нысан «Холонд Грин Тек» ЖШС-ның жылыжайларға арналған металл құрылымдарын шығаратын зауыты Елтай ауылдық округіндегі Көкөзек ауылында ашылды. Тартылған инвестиция көлемі 2,1 млрд. теңге, 30 жұмыс орны құрылған. Жобалық қуаты — күніне 8 тонна каркас шығара алады. Өндірісте голландиялық технология қолданылады.

Зауыт директоры С.Бисембаевтың айтуынша, компанияның негізгі қызметі  –  инженерлік және техникалық құрал-жабдықтар жеткізу, өндірістік жылыжай кешендері үшін конструкциялар шығарып, құрастыру, жылыжай кешендерін толығымен орнату, сол сияқты жылыжай шаруашылықтарының жұмысына агрономиялық қолдау көрсету.

Бүгін іске қосылған екінші нысан Жармұханбет ауылында орналасқан. «Алматы шыны» ЖШС-ның бұл зауыты шыны ыдыстарын шығарады және декорациялайды. 400 жұмыс орнын құрып отырған бұл зауыттың инвестициясының сомасы 12,2 млрд.теңге.

Кәсіпорын шыны ыдыстарын шығаратын жоғары өнімділікті құрал-жабдықтары бар жаңа технологиямен қамтамасыз етілген. Өндіріс процесінің  соңғы кезеңінде өнім қапталады, бұл өз кезегінде өндіріс өнімінің сапалы сақталуы мен тасымалдануына мүмкіндік береді.

Зауыт базасында жұмысшылар үшін 2 жатақхана салынып, оларды үш уақыт тегін тамақтандыратын асхана жұмыс істейтін болады.

Компания директоры А. Абдуллаевтың сөзіне сүйенсек, «Алматы шыны» зауыты түрлі пішіндегі шыны ыдыстармен қатар шыны банкілер шығармақ. Сол сияқты шыныдан жасалған бұйымдарды брендтайтын болады. Бұл өнімдер үшін отандық материалдар қолданылатынын да атап өту керек.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here