Домой Қоғам Астана Дархан Төлегенов Астанада өткен жастар кинофестивалінің жеңімпазы атанды

Дархан Төлегенов Астанада өткен жастар кинофестивалінің жеңімпазы атанды

Дархан Төлегенов Астанада өткен жастар кинофестивалінің жеңімпазы атанды

c-3Астанада қала әкімдігінің қолдауымен алғашқы Saryarka short film festival қысқаметражды фильмдер фестивалі өтті. Шараны ұйымдастырушы — «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы.

Кинофестиваль бағдарламасына 23 фильм және конкурстан тыс 5 жұмыс қатысты. Мақсаты – кинематографияда жаңа жұлдыздарды анықтау, фестивальді шығармашыл жастар мен қазақстандық кино кәсіпқойлары шоғырланған алаңға айналдыру, ал үзілістер арасында еліміздегі танымал режиссерлар Қанат Бейсекеев, Медет Шаяхметов, Олжас Бейловтың жетекшілігімен шеберлік сыныптары өткізілді.

«Түрлі тақырыптар ұсынылған. Ұйымдастырушы ретінде жастардың әртүрлі тақырыпта кино түсіретіні қуантады деп айта аламын»,- деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының басшысы, белгілі қазақстандық актер Әнуар Нұрпейісов.

Тоғыз сағатқа созылған фестивальдің қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен Роман Гусак «Үздік оператор», Қазбек Рүстембеков «Үздік режиссер» атанды. «Үздік сценарий» номинациясында Олжас Тайгелов көш бастады, «Үздік әйелдер рөлін» Толғанай Талғат, «Үздік ерлер рөлін» Ақмолда Дулыға сомдады, «Көрермендер көзайымы» сыйлығы Самғар Рақымға берілді. Режиссер Дархан Төлегенов «Маршрут» фильмімен Гран-при иеленді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here