Домой Жаңалықтар Қоғам Ғылым негізінде: жұмыс жасататын 5 әдіс

Ғылым негізінде: жұмыс жасататын 5 әдіс

Ғылым негізінде: жұмыс жасататын 5 әдіс

Егер жұмыс жасауға өз ерік-жігерің жетпей жатса, онда ғылым негізінде дәлелденген әдістер көмекке әзір.
Онсызда жұмыс жасағын келмей отырғанда, сен, әрине, кез-келген кішігірім сылтауды үлкен себепке айналдыра аласың. Электронды поштаңа келген тіпті қажет емес хаттар, әріптестеріңнің гу-гу әңгімесі, біреудің жеп отырған тамағының иісі, қосылу тұрған кондиционер дыбысы — бұның бәрі сенің жүйке жүйеңе әсер етіп, алаңдататыны мәлім. Егер осы бір «сылтауларды» алып тастауға мүмкіндік болмаса, онда өзіңді жұмысқа ғылыммен дәлелденген өзге әдістер арқылы қайтарғанын абзал.

Ауқаттанып ал
screenshot19730309Тамақтанған соң қандағы глюкоза деңгейі өсіп, мидың жұмыс жасау қабілеті қарқындай түседі. Бастысы –қуаты бірер минутқа ғана жететін «жылдам көмірсулар» емес, ағзаға пайдалы тағам, яғни жеміс, көкеніс, жаңғақ жеген дұрыс. Шоколад пен тоқаштарға қарағанда, олардан көмірсуды «алып шығу» үшін уақыт көбірек қажет болғандықтан, оның деңгейі де ағзада бірден «шарықтап» кетпейді. Яғни, энергия да ұзаққа жетеді деген сөз.

Үзіліс жаса
85b93053fd83bc1f7a6ff3644b9063f63561912Және де уақытты белгіле. Прокрастинацияға, яғни жұмысты шегіндіре беруге құштар жандарға арнап, 80-ші жылдары итальяндық студент Франческо Чирилло ойлап тапқан тайм-менеджмент техникасының бір түрі- «Қызанақ» әдісін қолдаң. Өзіңе бір тапсырма нақтыла да, 25 минутке таймер қой. Уақыт аяқталған соң, тіпті іс бітпей қалса да, міндетті түрде 5 минут демалып ал немесе ойыңды басқа жаққа аудар. Содан кейін тағы да 25 минутқа жұмысқа кіріс. Әрбір төртінші «қызанақтан» соң демалыс уақытын ұзартып отыр, шамамен 15-30 минут. Осы әдісті қолдана отырып, көп іс тыңдыруға және шаршамауға әбден болады.

Музыка тыңда
music-at-work7326342Бірақ тек өзің ұнатқан музыканы. Сен жақсы көретін музыка ойналғанда, ми жұмысының пассивті тәртіптегі торабы мидың түрлі бөліктерінің арасында бір бірімен жақсы байланыс орнатады. Яғни, сенің ойлау қабілетіңді жақсарта түседі. Бірақ егер музыканы сен емес басқа біреу таңдаса, өкінішке орай, одан саған еш пайда жоқ. Сондықтан тәжірибе жасай отырып, осындай байланысты тапқан Солтүстік Каролина университетінің ғалымдарына рақмет айта отырып, құлаққабын ұмытып кете беретін әріптесіне аталған әдісті оқып бергенін абзал.

Медитация жаса
screenshot29249885Күніне екі сағат медитация жасаған адамдар кез-келген жұмысты шапшаң орындайтынын Гарвард университетінің ғалымдары дәлелдеген болатын. Медитация барысында мида альфа-ритмдер пайда болып, олардың ықпалымен үрей сезімі бәсеңдейді. Есте сақтау қабілеті жақсарып, сыртқы «қоздырғыштарға» алаңдау әдеті азаяды. Ал егер медитацияны күнделікті үрдіске айналдырсаң, онда альфа-ритмдерді басқаруды үйреніп, бұл қабілетіңді күрделі және маңызды бір жобаны аз уақыт ішінде тапсыру керек болған жағдайда оңай қолдаңа беретін боласың.

Үстеліңді таза ұста
screenshot39156371Бұны тіпті Принстон университетінің ғалымдары басты ереже ретінде ұстануды ұсынады. Олардың мәлімдеуінше, егер сенің үстелінде көзге түсе беретін түрлі заттар көп болса, онда жұмыс істеу қабілеті нашарлай түседі. Жұмыс компьютеріңнің бетіндегі хаос та дәл осындай жағдайға душар етеді. Күн сайын тазалық пен тәртіпке 10-15 минут арнап, заттарыңды жинастыр, құжаттарды ретте. Сонда жұмысың да өрге домалай жөнеледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here